Қазақстанда бала асырап алғысы келетін отбасының барлық мүшесі тексеруден өтеді.
Бұл ереже баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілді. Жаңа тәртіп бойынша алдымен баланың жақын туыстары – әжесі, ағасы, тәтесі немесе нағашысы – асырап алу құқығына ие болады.
Сонымен қатар азаматтық некеде тұратын жұптарға бала асырап алуға тыйым салынды. Отбасының тұрғын үй жағдайына да талап күшейтілді: әр адамға кемінде 15 шаршы метр аумақ болуы тиіс.
Қазір елде 20 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар.
