Елімізде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жаңа ережесі күшіне енді.
Бастапқы дилерлер институты енгізілді. Негізгі орналастыру бес ірі банк арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) бастапқы аукциондарға тікелей қатысу мүмкіндігінен айырылды. Енді қор мемлекеттік бағалы қағаздармен жұмыс істеу үшін банктердің делдалдық қызметіне жүгінеді.
Ұлттық банк мұндай қадамды нарық өтімділігін шоғырландыру және қарызды тиімді орналастыру мақсатында қабылдағанын түсіндірді.
