Әскери қызметке салғырт қарағаны үшін батальон командирінің орынбасары сотталды

Әскери қызметке салғырт қарағаны үшін батальон командирінің орынбасары сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Талдықорған гарнизонында пулеметтен абайсызда оқ атылып, бір сарбаз қаза тапқан еді. Тергеу барысында қаруды толық тексеру жүргізілмегені анықталды.

Әскери сот лауазымды тұлғаны Қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.