Олжас Бектенов жазғы демалыс кезінде қолжетімді билеттерді қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкімет отырысында премьер-министр рейстер тапшылығы мен билет бағасының қымбаттығы халықты алаңдататынын атап өтті. Ол Көлік министрлігіне әуе компанияларымен және “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясымен бірлесіп, қосымша орындар мен рейстер ұйымдастыруды міндеттеді. Сонымен қатар шалғайдағы туристік бағыттарға қатынаудың қиындығына байланысты шағымдар түсіп жатқанын айтты.
Биыл мектеп оқушылары ұлттық парктерге тегін кіре алады.
