Бекшин Алматыда демалыс күндері жабылатын нысандар туралы айтты. “Демалыс күндері жабық базарлар, шаштараздар, салондар, моншалар мен сауналар жұмыс істемейді. Ірі нысандар да жабық болады”, – деді Бекшин. Оның айтуынша, сенбі-жексенбі күндері тауға шығуға тыйым салынады. Қоғамдық көлік тоқтатылады.
Ауруды жұқтыру, өлім-жітім, науқастардың саны мен ауруханадағы бос орындар сияқты көрсеткіштер ең төмен деңгейде болғанда демалыс күндері қоғамдық көлікті жүргізу және нысандарды ашу мәселесі қаралады.