Зеленский: Украинада коронавирустың екінші толқыны басталды. Украина президенті Владимир Зеленский елде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді. Ол науқастардың өсу қарқыны коронавирустың екінші толқынын көрсетеді деп санайды. Президент пандемияның алғашқы толқыны кезінде көктемде елде тәулігіне 100-ден 300-ге дейін жағдай тіркелгенін айтты деп хабарлайды “Лига.Новости”. Ал қазір күніне 3000-нан аса жағдай тіркеледі. Сол себепті Зеленский шетелдіктерге кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдаған дұрыс деп санайды.