Бүгін Алматыдағы Көк базар жұмыс істемейді

Бүгін Алматыдағы Көк базар жұмыс істемейді. Базардың жабылатын туралы ақпарды базар әкімшілігінің өкілдері растады. Бүгін ол сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Содан кейін 28 қыркүйекте ғана ашылады. Базар әкімшілігіндегілердің айтуынша, нысанды жабу туралы әкімдіктен нұсқаулық келіп түскен. Онда: жалға алушылардың қауіпсіздігі және базардың материалдық құралдарының сақталуы үшін деп жазылған.