Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері оқтан жарақат алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Демалушылар атысты видеоға түсірген және полиция шақырған. Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 15-20 адам демалыс орнына келгені және сол жерде мекеме иесімен – 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасып қалғаны анықталады. Содан соң олар оқ атқан. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Белгісіз адамдар оқиға орнынан сұр түсті және ақ түсті Mercedes көлігімен қашып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу басталды.