Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 21 қаңтарда 11 адам коронавирустан, екі адам пневмониядан көз жұмды. Бір тәулікте 1 430 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 96 адам пневмонияға шалдықты. 22 қаңтардағы мәлімет бойынша, 25 469 адам короновирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 791 пациент стационарда, 18 678 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Жалпы науқастар арасында 291 адамның жағдайы ауыр, 50 науқас өте ауыр жағдайда жатыр. 39 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.