“Техникалық байқау” құжаты цифрлы форматқа ауыстырылады

“Техникалық байқау” құжаты цифрлы форматқа ауыстырылады. Бұл туралы индустрия және инновациялық даму министрлігі хабарлады. Таяу арада көлік жүргізушілеріне “техникалық байқау” құжатын алып жүру қажет болмайды. “Техникалық байқаудың диагностикалық картасы” электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталады. Қазір IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің қанатқақты нұсқасы алдағы 1 қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады”, – дейді ведомство. Құжаттың цифрлы нұсқасы қадағалаушы органдардың дерекқорында сақталып, оны онлайн режимде тексеруге болады.