Жол қызметі мамандары көктайғаққа қарсы жұмысты бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Дәлірек айтқанда, республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы 400 өндірістік база мен қойманы және 125 жылыту пунктін дайындады. Жалпы қалың қар басу қаупі жоғары учаскелер анықталды. Оның жалпы ұзындығы 3 мың шақырымды құрап отыр. Осы ретте сала мамандары көлік жүргізушілеріне сапарға аттанар алдында темір тұлпарларының техникалық жай-күйіне баса назар аудару керек екенін ескертіп отыр.