Ақмола облысында кешкі тоғыздан кейін үйден шығуға болмайды

Ақмола облысында кешкі тоғыздан кейін үйден шығуға болмайды. Облыстың бас санитария дәрігері Айнагүл Мусинаның қаулысында осылай деп көрсетілген. Тек шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге, азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға баруға болады. Сонымен қатар облыс аумағында жол жүру, тауар құжаттарын, іссапар қағазын, медициналық мекемеге жолдаманы, редакциялық тапсырмаларды растайтын құжат көрсеткен кезде санитарлық бекеттерден кедергісіз кіріп, шығуға рұқсат беріледі. Жұмыс, демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметі сағат 10:00-ден 20.30-ге дейін шектеледі.