Қырғызстанда президенттікке үміткерлер саны қысқарды

Қырғызстанда президенттікке үміткерлер саны қысқарды. Мемлекет басшысы лауазымына үміткерлер саны 63-тен 20 адамға дейін азайған. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының өкілдері хабарлады. Президенттікке үміткерлер 30 мың адамның қолы мен 1 млн сом (шамамен $13 мың) көлеміндегі кепіл ақшаны заңда бекітілген мерзімде жинап үлгерген. Қазір ОСК үміткерлер ұсынған қолдардың растығын тексеруді бастады.