АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден командасын таныстырды

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден командасын таныстырды. Олардың арасында болашақ мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі президент кеңесшісі Джейк Салливан бар деп хабарлайды 24.kz. Бұл тұлғалар енді қаңтар айында Байден ант берген сәттен кейін қызметіне кіріседі. Айта кетейік, қазіргі президент Дональд Трамп билік транзитін бастау туралы шешім қабылдаған болатын. Осыдан кейін Байден президенттің қауіпсіздік және барлау жөніндегі күнделікті брифингтеріне, және негізгі шенеуніктерге бұйрық беру құқығына ие болды.