Ақтөбе кафелерінің бірінде бойжеткен 4 мың доллары мен миллион теңгесін ұрлатып алды

Тәртіп сақшылары Оралда теңге және доллар валюталарындағы ірі сомада қаражат салынған рюкзакты ұрлады деген күдіктіні ұстады деп хабарлайды Ақтөбе облысы ПД. Жәбірленуші патрульдік полиция нарядтарына рюкзакта 4.100 АҚШ доллары және 824 мың теңге сомасында ақша болғандығын хабарлады. Жалпы шығын 2,5 млн теңгені құраған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қылмыс жасалғаннан кейін Оралға қарай бет алғаны белгілі болған. Көрші облысқа жедел уәкілдер шығып, күдіктіні тоқтатты. Орал қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.