Үш мың еріктіге Qazcovid-in отандық вакцинасы егіледі

Елде үш мың еріктіге отандық QazCovid-in вакцинасы егіле бастайды. Бұл туралы ел премьерінің Жамбыл облысына жасаған сапары барысында айтылды. Осы өңірде шығарылатын QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынаудың I және II фазаларынан сәтті өткен. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның тиімділігін 96% деңгейінде көрсеткен. Қазір денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңінің басталуын мақұлдады. Бүгінде алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында егіле бастайды. Ал отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, сондай-ақ созылмалы ауруы бар адамдарға жасалады.