Павлодар облысындағы 7 жасар қыздың өлімінен кейін бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алды

Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, шенеуніктер дұрыс жұмыс істесе, бұл сұмдықтың алдын алуға болар еді. Аталған отбасы бұрыннан жағдайы нашар ретінде есепте тұрғанымен, соңғы алты жылдан бері назардан тыс қалған. Әкім өзінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары, Екібастұз қаласы әкімі мен орынбасары, облыстық білім беру және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшыларына қатаң сөгіс берді. Ал сол ауылдың әкімін жұмыстан шығару туралы ұсыныс жасады. Естеріңізге сала кетсек, Павлодар облысында 7 жасар қыз жоғалып кеткен болатын.