Ақтөбеде аяғы ауыр келіншек коронавирустан көз жұмды

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбеде 30 жастағы жүкті келіншек коронавирустан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе ауруханаларында екі адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Олардың бірі – 30 жастағы аяғы ауыр келіншек екені белгілі болды.

“КВИ-дің салдарынан пациенттің тыныс алуы қиындаған. Екі науқас жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аурудың салдарынан оларда пневмония пайда болған. Біз жетекші мамандармен бірнеше рет кеңестік. Хаттама бойынша әрекет еттік. Бірақ, өкінішке қарай, нәтиже болмады”, – дейді Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев.