Ақтөбеде ғимараттың шатыры мен екінші қабаты құлады

Ақтөбеде ғимараттың шатыры мен екінші қабаты құлады. Соның салдарынан “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” филиалының қызметкері зардап шекті. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, 33 жастағы әйелдің жағдайы ауыр, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. “Оның бірнеше қабырғасы сынған, жабық ми жарақаты бар. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр”, – дейді Рүстем Исаев. Айта кетейік, құтқарушылар қираған үйінділер астынан астынан 5 адамды шығарды. “Шатыр мен қабырғаның құлау себебін мамандар анықтайды. Істің барлық материалы полицияға тапсырылды”, – дейді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз хатшысы. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.