Қостанай облысында Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырушысына үкім шықты.

“2021 жылы сотталушы “Antares” қаржы инвестициялық пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін басқарғаны және адамдармен алдын ала сөз байласу бойынша азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқаны, күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратты”, – делінген хабарламада. Бұл әрекеттермен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 миллион теңгеге жуық материалдық залал келтірілген. Сот сотталушының 3 жасар баласының болуы мен жүктілігін есепке ала отырып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.