Ақтөбедегі екі адамның өлімі: түнгі клуб директоры ұсталды

Ақтөбеде қос кісі өлтіру оқиғасы болған түнгі клуб директоры ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Полицейлерінің мәліметінше, аталған дерекке қатысты қылмысқа қатысушылардың барлығы ұсталды. Олар сот қаулысымен тергеу мерзіміне қамауға алынды. “Осы қылмысты жасады деген күлікпен 13 адам ұсталды. Олардың арасында түнгі клубтың директоры да бар. Ол “аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны, сондай-ақ дер кезінде медициналық көмек көрсету шараларын қолданбағаны үшін” ұсталды. Ұсталғандардың басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр”, – делінген хабарламада. Қылмыстық істі тергеу аясында Полиция департаменті барлық ойын-сауық мекемелерінде азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексеру жүргізеді.