Ақтауда бірнеше азаматты алдап соққан алаяқ ұсталды

Күдікті оларды жалақысы жоғары қызметке тұрғызамын деп уәде берген. Осы көмегі үшін жәбірленушілердің 2 млн 700 мың теңгесін қалтаға басқан. Мұнымен қоймай, жеке кәсіпкерді сан соқтырғаны белгілі болып отыр. Дүкенге газ тарту үшін құжаттарды тез арада рәсімдеп беретінін айтып, 1 млн теңге алған. Қазір алаяқ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.