Бұл туралы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елодос Қилымжанов айтты.”Биыл 2 қараша мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысқан адамдарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Осы ретте бас прокуратура өз тарапынан жергілікті прокуратураларға рақымшылық жасау туралы заң нормаларының біркелкі қолданылуын және заңдылықты қамтамасыз ету туралы тапсырма берді”, – дейді Қилымжанов ОКҚ брифингінде. Еске салайық, 27 қазанда сенат депутаттары қаңтар оқиғаларына қатысушыларға “Рақымшылық жасау туралы” заң қабылдаған болатын.