Алматыда қаржы пирамидасынан зардап шеккендерге 123 миллион теңге қайтарылды

Қаржы мониторингі агентігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Сот үкімі бойынша B2B Jewelry зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған, қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылды, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ведомство мәліметінше, қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты соталды іс жүргізу аяқталуға жақын.