Түркияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Тексеру кезінде 37 жастағы азаматтың ағзасында иммун тапшылығы бары анықталған. Қазір ол оқшауланды. Азаматпен байланыста болған кісілер түгел медициналық тексерістен өткен. Өз кезегінде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы маймыл шешегі кімге қауіпті екенін анықтады. Мамандардың айтуынша, инфекцияны жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз адамдар мен балалардың жұқтыру қаупі жоғары. Бүгінге дейін дерт әлемнің 50 елінде анықталған. 4 мыңға жуық азамат науқас деп танылған.