Елімізде әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мәлімдеді. “Бізде екі түрлі нан бар. Біріншісі әлеуметтік нан. Оның бағасын мемлекет реттейді және бақылайды. Бүгінде әлеуметтік нанның бағасы өңірлерде тұрақты, өзгермейді. Егер жекелеген өңірлерде диірменшілер шикізат тапшылығына тап болса, немесе бидай бағасы күрт өссе, онда бидай құнын субсидиялау бағдарламасы іске қосылады. Қазір әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне ешқандай алғышарт жоқ”, – деді АШМ Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов. Ал премиальды нанның, яғни багет, круассан және тағы басқаларының бағасы шикізат құнына қарай өзгеріп тұрады.