Қазақстанда Vero Cell вакцинасын жаппай қолдану мақұлданды

Қазақстанда Vero Cell вакцинасын жаппай қолдану мақұлданды. Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің осындай жаңа қаулысы жарияланды. Вакцинада антибиотиктер мен консерванттар жоқ делінген құжатта. Онда екпе 18 жастан асқан ересектерге арналғаны айтылған. Құжатта вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер де тізбектелген. Олар: вакцинаның кез-келген компонентіне аллергияның болуы, бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы, жүктілік және лактация кезеңі.