Елімізде вейптер мен стиктерді сатуға және шегуге тыйым салынады

Қазақстанда вейптер мен стиктерді сатуға және шегуге тыйым салынады. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов осылай дейді. Айтуынша, қазір елде қыздырылатын темекіге ешқандай салық жоқ. Ал сол стиктеріңіз адам ағзасына зиян. Сондықтан Мәжіліс бұл өнімдерге акциз салу туралы шешім қабылдады. Оларға кәдімгі темекіге салынатын акциздердің 70% мөлшерінде алым енгізіледі.