Алматыда оңды-солды пәтер таратқан кімдер?

Фото: pixabay.com

Алматы облысының шенеуніктері мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған пәтерлерді оңды-солды таратқан, деп хабарлайды «Хабар 24». Депутат Ілияс Буларовтың айтуынша олар пәтерді өз туыстарына берген. Ал мұқтаж азаматтар далада қалған. Депутат, әкімдіктердің әділетсіз шешімдеріне қатысты әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан жүздеген шағым келіп жатыр дейді. Енді мұның ақ-қарасын анықтау үшін тәуелсіз сарапшылар командасын құрып, кезекте тұрған азаматтармен бірге әлеуметтік баспанаға тексеріс жүргізуді ұсынды.