Абайсызда пышақпен өлтіріп алған келіншек ақталып шықты

Алматыда қысым көрсеткен күйеуінен қорғанып, оны абайсызда пышақпен өлтіріп алған келіншек ақталып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Жолдасымен 7 жыл бойы азаматтық некеде тұрған, ерлі-зайыптылардың екі баласы бар. Есірткіге құмар және алкогольдік ішімдікке тәуелді азамат әйелін кез келген ұсақ түйекке бола ұра берген.

Қатты соққыға шыдамаған әйел адам күйеуін пышақпен жаралаған. Жолдасы көп көлемде қан жоғалтып, қайтыс болған. Бұл іс алты ай бойы “Адам өлтіру” бабы бойынша қаралып, оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнген болатын.