Блок бекетте параны темекімен алған полицей ұсталды

Ақтөбеде карантиндік блок бекетте параны темекімен алған полицей ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша құқық қорғаушы жергілікті полицияда жұмыс істейді. Қызметі – патрульдік полицияның инспекторы.

“Полицей 30 мамыр күні 10 800 теңге тұратын “Парламент” темекісінің екі қаптамасын пара ретінде алған. Сол үшін “Магистраль №4″ блок бекеті арқылы арнайы рұқсатсыз өткізуге уәде еткен”, – деді тергеуші Данияр Биғайдаров.

Тергеушінің айтуынша, өз кінәсін толығымен мойындағаны үшін күдікті қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.