Айбек Смадияров Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарған Руслан Желдібай лауазымынан босатылған болатын.
Қосымша ақпарат: Айбек Смадияров мансап жолын 2005 жылы «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ-ның Әкімшілік департаментінің маманы болып бастаған. 2006–2008 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің маманы болды. 2019–2023 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы қызметін атқарды. 2025 жылғы наурыздан желтоқсанға дейін ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі болды.
Дипломатиялық дәрежесі – ІІ сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл.
