Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» командасының Лондондағы ойынына қатысты пікір білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» командасы «Арсеналға» 2:3 есебімен есе жіберген болатын.
«Жинаған баға жетпес тәжірибеге өте қуаныштымыз. Біз үздік командалармен ойнап, топ-клубтарды Қазақстанға әкелдік. Жігіттер жақсы өнер көрсетті, барын салғандары үшін алғыс айтамыз. Алғашқы минуттарда біраз абдырап қалдық, мүмкін толқыған шығар. Қарсыластың ойынын қапталға бағыттап, орталықты жауып, тікелей пастарға жол бермеуге келістік. Алайда үшінші минутта қателік жіберіп, гол өткізіп алдық», – деді «Қайрат» футбол командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин.
Алматылық құраманың жаттықтырушысы команданың Лондондағы күрделі сынақтан абыроймен өткенін атап өтті. Сонымен қатар, бапкер жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
