Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсетінін айтты

Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорт жарыстары мен әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай қазақстандық университеттерге грантқа түсе алады. Білім және ғылым министрі халықаралық олимпиадалардың, спорт және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Айта кетейік, Дүниежүзілік гимназиада жеңімпаз атанған оқушылар бірінші болып жоғары оқу орындарына гранттар алады.