Назарбаев заң бұзған туыстары туралы айтты

Егер туыстарымның бірі заңды бұзу үшін менің атымды жамылса, онда олар тиісті жазаға тартылуы керек, деді Елбасы. Ол саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа телефон арқылы осылай деп сұхбат берді. Саясаттанушы Назарбаевтан заңсыз байыды деген күдікке ілінген туыстары туралы не ойлайтынын сұраған. “Біз ұзақ жыл бойы Қазақстанда құқықтық мемлекет құрып келеміз. Оның негізгі қағидаты: заң – бәріне ортақ. Туыстың кінәсі сотта дәлелденуге тиіс. Әр азамат заңды түрде қорғануға құқылы екенін ұмытпаған жөн”, – деді Назарбаев сұхбатында.