Аймағамбетов Павлодардағы мектепте болған ірі өртке қатысты мәлімдеме жасады

Бұл бірінші жағдай емес. Сондықтан барлық білім беру ұйымдарын толық тексеруді тапсырдым, себебі өрттің алдын алу шаралары сақталуы тиіс. Мектеп пайдалануға берілген кезде, жөндеуден кейін және жаңа оқу жылы басталғанға дейін өртке қарсы қызметтердің актілері болуы керек. Мұндай анықтамалар мен актілері болды деп ойлаймын, енді бұл өртке не себеп болғанын тексеру жұмыстары жүргізіледі, – деді министр. Енді №28 мектепте сабақ уақытша қашықтан өтеді.