Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 10 сотық жер беру туралы айтты

“Жер алуға өтініш берген жоқпын. Бұл азаматтардың құқығы, мәселе Қазақстанда жер жоқтығында емес қой, мұнда азаматтарға да дұрыс түсіндіру керек. Біз байтақ елміз, жеріміз жеткілікті, 10 сотық жерді қазақ азаматтарына үлестіруге болады. Менің ойымша, бұған кезең-кезеңімен келеміз, бірақ мәселе ол жерде байланыс болу керек екенінде. Жол, жарық, су, кәріз жүйесі болуы керек. Жыл сайын коммуникация құрылысына белгілі бір қаржы бөлініп, бұл жұмыстар жалғасады. Сондықтан да бірте-бірте, кезең-кезеңімен әкімдіктер, үкімет бұл мәселені шешіп, тілек білдірген азаматтардың бәрі жекеменшік тұрғын үй құрылысына қажетті жер телімін алады деп сенеміз”, – деді Әшімбаев. Бұған дейін жер телімін алу үшін қазақстандықтар жергілікті әкімдіктерге жүгінетін. Енді бұл қызмет eGov.kz порталында ашылды.