Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер тізіміне жаңа лауазымды енгізу ұсынылып отыр

Ол цифрлық қауіпсіздік мәселесіне жауап беретін қызметші. Жарлықтың жобасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтында, “Ашық нормативтік құқықтық актілер” порталында жарияланды. Соған сәйкес, саяси және әкімшілік қызметшілерінің В, С және D санаттары бойынша “дата-стюард” лауазымын енгізу жоспарланды. Бұдан бөлек, сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, сыртқы істер министрлігінің және шет елдердегі мекемелердің екінші хатшысы, бас консулдықтың консулы, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы бас мамандар дата-стюард қызметін атқарады. Құжатты талқылау 4 қазанға дейін жалғасады.