Сенат шетелдік көлікті 200 мың теңгеге тіркеуге мүмкіндік беретін заңды қабылдады

Сенат шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша заң жобасын қабылдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Заң бойынша Салық колексіне өзгеріс енгізіледі. Оған сәйкес, Қазақстанға 1 қыркүйекке дейін кірген шетелдік көліктерді бірыңғай алыммен тіркеп, заңдастыруға болады. Оның көлемі – 200 мың теңге. “2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген автомобильдерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркегені үшін бірыңғай алымды белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға жағдай жасайды, сондай-ақ осы автомобильдер бойынша көлік құралдарына салынатын салық жергілікті бюджетті толықтырады”, – деді сенатор Ғұмар Дүйсембаев. Айта кетері, бұған дейін ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен тіркеу шаралары қашан басталатынын хабарлаған.