Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “2023 жылғы 19 мамырда сот қаулысы бойынша, соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Қ-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 1 айға дейін, яғни 2023 жылғы 21 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді”, – делінген Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарламасында.