“Қайрат” – “Реал Мадрид” ойынына байланысты

“Қайрат” – “Реал Мадрид” ойынына байланысты Алматыда стадионнан тегін автобустар қатынайды. Жанкүйерлердің үйлеріне жайлы жетуі үшін 60 автобус ұйымдастырылды. Олар Абай, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелерімен қозғалып, 6 бағытта жүреді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, Орталық стадион испаниялық команданы қабылдауға дайын: алаң халықаралық стандарттарға сай, жарық беру жүйесі мен инфрақұрылым тексерілді. Төрешілер мен ойыншыларға барлық жағдай жасалған, киім ауыстыратын бөлмелер жабдықталып, спортшылардың жайлылығы үшін қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.