Алматыда 4 қарашада қалың қар жауады. Көктайғақ болады

Ауа температурасы түнде 6-8 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 3-5 градусқа дейін аяз. Қазгидромет синоптиктері Алматыда ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады. “Автокөліктерді ағаш, электр желілері және басқа да құрылыстар маңына қоймаңыздар. Ең қауіпсіз жерді, арнайы автотұрақтарды таңдаңыз. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуды ұсынады”, – деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.