Алаяқтар декреттік төлемдерді заңсыз алған

Жалған жұмысқа орналастыру схемаларына қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды.

Бұл схемалар еліміздің 13 өңірінде декреттік төлемдерді заңсыз алу мақсатында ұйымдастырылған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының дерегінше, алаяқтар жүкті әйелдерді жалған кәсіпорындарға жұмысқа орналастырып, олардың табысын жасанды түрде көтеріп көрсеткен. Осылайша ең жоғары көлемдегі төлемдерді заңсыз алған.

Тергеу барысында 4,4 мыңнан астам азамат үшін жалған еңбек қатынастары рәсімделгені анықталды. Қазірдің өзінде 9 іс бойынша сот үкімі шықты: 12 адам кінәлі деп танылып, 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.