Буллингке қарсы жаңа ереже қабылданды

Елде балалар арасындағы буллинг пен зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет етудің жаңа ережелері бекітілді.

Алгоритмге сәйкес, Ішкі істер министрлігі құқық қорғау шараларын жүзеге асырады, Оқу-ағарту министрлігі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді, ал Денсаулық сақтау министрлігі қажет болған жағдайда медициналық көмек ұйымдастырады.

Буллинг пен зорлық-зомбылыққа қатысты жағдайларда мемлекеттік органдар бір тәулік ішінде шара қабылдауға міндетті. Егер оқиға білім беру жүйесіне қатысты болса, мәселе үш күн ішінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссияға жеткізіледі.