Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай отшашу болмайды

Алайда елорданың 24 жылдығына орай бірқатар шара өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты. Астана күнінде қалада бірқатар әлеуметтік нысанның зауыттың, сквердің, қоғамдық кеңістіктің, 80-нен астам аула аумақтарының және тағы басқаларының ашылуы өтеді. Сонымен қатар осы күнге орай қаланың бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдары концерттер, спорттық турнирлер, көрмелер ұйымдастырады.