Алексей Цой үкімет отырысында еліміздің мектептеріне кіру үшін Ashyq қосымшасын пайдалануды ұсынды

Денсаулық сақтау министррі Алексей Цой үкімет отырысында еліміздің мектептеріне кіру үшін Ashyq қосымшасын пайдалануды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. “Біз мұғалімдер, қызметкерлер мен ата-аналар арасынан коронавирус жұқтырған, вакцина салдырмаған және ауру жұқтырғандармен байланысқа түскен адамдарды бақылау үшін мектепке кіргенде Ashyq қосымшасын қолданған жөн деп санаймыз”, – деді министр. Осы ретте премьер-министр Асқар Мамин барлық білім беру ұйымдарына педагогтер, қызметкерлер мен ата -аналардың кіруі үшін Ashyq жүйесін енгізуді тапсырды.