Еуразиялық экономикалық одағы елдерінен кіргізілген автокөліктердің уақытша жүру мерзімі ұзартылды

Еуразиялық экономикалық одағы елдерінен кіргізілген автокөліктердің уақытша жүру мерзімі 30 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл уақытқа дейін көліктерді тіркеуге қою керек немесе елден шығару қажет. Шешім 2020 жылдың 1 наурызынан бастап Еуразиялық экономикалық одағына кіргізілген шетел нөмірлері бар барлық көліктерге қатысты. Колеса.кзттің жазуынша мұндай көліктердің көбі Қазақстанға Грузиядан келген. Бұл санаттағы көліктердің иелеріне айыппұлдар мен кеден салығы салынбайды.