Оқушылар дәстүрлі білім беру режиміне қашан көшеді?

Оқушылар дәстүрлі білім беру режиміне қашан көшеді? Алексей Цой бұған қатысты пікір білдірді. «Қазіргі кезде бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Бұл бағытта білім министрлігімен бірлесе әзірленген тиісті қадамдар бар. Екінші тоқсанда оқушылар сабақты қай форматта оқитынын пысықтап жатырмыз», – деді министр. Осы ретте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният бірінші тоқсан аяқталған соң, елдегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, тиісті шешім қабылданатынын жеткізді. Бұдан бұрын хабарланғандай, оқу жылы басталғалы оқушылар арасында КВИ жұқтырудың 184 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныпта оқитын 73 балада коронавирус анықталды.