Елімізде мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгеруі мүмкін

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. «Қазіргі кезде дене шынықтыру сабағында бағалауды өзгерту мәселесін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында жұмыс тобы қарастырып жатыр», – деді Е.Тоғжанов.