Алматы халықаралық әуежайының терминалын су басты

Алматы халықаралық әуежайының терминалын су басты.

Осыған байланысты Көлік министрлігінің басшылығы Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, шұғыл кеңес өткізді. Азаматтық авиация комитеті әуежайды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Әуежай басшысы техникалық мәселелерге жетекшілік ететін аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылды. Әуежай әкімшілігі жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар жедел түрде жүргізіліп жатыр.